Басты бетЖаңалықтар"Прокурордың баласы"....

«Прокурордың баласы». Шымкентте гүл дүкеніне шабуыл жасалды

8 тамызға қараған түні Шымкентте бір топ адам «Romantic» гүл дүкеніне шабуыл жасады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде  олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының баласы да бар деген ақпарат тарады.

Олар дүкен қызметкерлеріне дене жарақатын саламыз деп қорқытқан.

Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу басталғанын мәлімдеді.

Тұран ауданының полиция басқармасы қабылданған шаралардың нәтижесінде бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтап, полицияға жеткізді. Бірақ гүл сатушы кез келген мәлімдемеден бас тартты. Осыған қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады, – делінген мекеменің хабарламасында.

Осы факт бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.