Қырғызстаннан Қазақстанға құны 1,3 миллиард теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдері жөнелтпе құжатынсыз жеткізілмек болған.
Бұл туралы қаржылық монитринг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғыз Республикасынан құны 1,3 миллиард теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және есептік-бақылау маркасынсыз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, — делінген хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 миллион теңге.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады,- делінген хабарламада.