Энергетика министрлігі сұйытылған газды елден үш жылға автомобильмен және алты айға теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салу туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын мемлекет реттеп отырғаны белгілі, соған байланысты халық пен көптеген өнеркәсіптік кәсіпорын отынның осы түріне жылдам көшіп жатыр. 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ке өсті. Сонымен қатар 2023 жылғы алты айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну көлемі шамамен 100 мың тоннаға артты, — делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.
Ішкі нарықтың сұранысы айына 130-140 мың болған кезде энергетика министрлігі маусымға байланысты 120-130 мың тонна немесе сұраныстың 90%-ін бөледі.