Корея прокуратурасы экс-президентін қамауға алмақ

22 наурызда Пак Кын Хе бірнеше сағат бойы тергеу сұрақтарына жауап берген болатын. Осыдан соң республика прокуратурасы оны қамауға алу мүмкіндігін қарастыруда.

Пак Кын Хеге билікті асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық секілді 13 тармақ бойынша айып тағылып отыр.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президент Пак Кын Хеге жарияланған импичментті мақұлдады. Мерзімнен тыс жаңа президенттік сайлау сайлау 9 мамырда өтуі мүмкін.

Айыпталу бойынша Пак Кын Хе елдің бұрынғы президенттеріне берілетін артықшылықтардан: жалақының 70% көлеміндегі өмірлік зейнетақыдан (шамамен 12 миллион вон немесе $10,4 мың), үш көмекшіден, жеке жүргізуші мен мемлекеттік клиникалардағы тегін медициналық қызмет көрсетуден айырылады.

ДереккөзInform.kz