Президент жемқорлық жасағаны үшін жауапқа тартылады

Енді Пак Кын Хен енді биліктен аластатылып, тіпті сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяда 60 күннің ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс.

Айта кетейік, желтоқсан айында парламент президентке импичмент жариялауға дауыс бергеннен кейін Пак Кын Хе қызметінен аластатылған болатын. Бірақ ол ресми түрде президент болып қалды.

Оңтүстіккореялық прокуратура Пак Кын Хеден жауап алып, әсіресе, оның жақын құрбысы Чхве Сун Силь мен Samsung компаниялар тобының басшысы Ли Чжэ Ённің даулы жемқорлық істеріне қатысты біраз мәселенің бетін ашады деген сөз. Прокуратура президенттің бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар деп есептейді. Бұған дейін Пак Кын Хе тергеумен ынтымақтасудан бас тартып, оны «саяси тапсырыс» деп атаған болатын.

ДереккөзKazdala.kz