Қарағандыдағы улану оқиғасы: үш бала ауруханадан шықты

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен ауруханаға түскен балалардың тағы үшеуі бүгін шықты.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, қазір жансақтау бөлімінде алты бала жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр. Нейробоксирленген бөлімшедегеі үш баланың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ.

Барлығы тоғыз науқас бар. Олардың екеуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық аурулар орталығында жатыр. Үш баланы шығару жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, ішек инфекциясына жүргізілген сынақ теріс нәтиже берді. Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз. Талдау нәтижесі бойынша пациенттерден тамақтан улану расталмады.