#BMgoGREEN – Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге үлес қосатын жоба

Алматыдағы «Қарағай орманы» экопаркі аумағында «Эфес Қазақстан» компаниясы «Eco Fund Tabigat» жеке қорымен бірлесіп, #BMgoGREEN деген эко-жобаның басталғанына орай іс-шара өткізді. Іс-шарада компания мен қор өкілдері БАҚ қызметкерлерімен бірге орманды қалпына келтірудің бастамасы ретінде күл көшеттерін екті.

«Қарағай орманы» саябағын салудың мақсаты – қаладағы жасыл желектің санын арттыру, экология мәдениетін насихаттау және елдегі экологиялық жағдайға жұртшылықтың назарын аудару.

«Eco Fund Tabigat» жеке қорының басшысы Тимур Елеусізовтің айтуынша, осы «Қарағай орманы» жобасы басталғанда іс сәтті болып кететініне сенбегендер көп болған.

Тимур Елеусізов. Фото: «Эфес Қазақстанның» пиар бөлімі

Ал бүгінде бұл мекен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өсіп келе жатқан саябаққа айналды. Бұл — бастамасы ғана. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экосаябақтар салуды жоспарлап отырмыз, — деді Тимур Елеусізов.

Ағаш егу ұзақ уақыт бойы экологиялық тұрақтылыққа бағытталған маңызды қадам болып танылды. Егілген әр ағаш орманның жойылуына қарсы тұру, көмірқышқыл газы деңгейін төмендету, ауаның сапасын жақсарту, биоәртүрлікті сақтау және болашақ ұрпаққа экожүйені жеткізу үшін аса маңызды.

Ағаштар эрозия мен су тасқынына қарсы табиғи тосқауыл ретінде де керек және жергілікті қауымдастықтар мен жануарлар дүниесін қорғайды.

«Эфес Қазақстан» бас директоры Эртан Курт елімізде орман жиі өртеніп жатқанда экологиялық мәселелерді шешу аса маңызды екенін айтты.

Орман өртінің елдің экожүйесі мен халқына әсері қатты алаңдатады. #BMgoGREEN науқаны ең алдымен бүгінгі мәселені көрсетуге және өнімді саналы тұтынуға бағытталған. Күшімізді біріктіріп, бәріміз бірге бір-бір ағаштан егейік. Біз бірге Қазақстанның нулы ормандарын қалпына келтіруге ықпал етіп, болашақ ұрпақ үшін жеріміздің табиғи сұлулығын сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қоса аламыз, — деді Эртан Курт.

#BMgoGREEN әлеуметтік жобасы «Белый Медведь» брендінің және «Eco Fund Tabigat»  жеке қорының қолдауымен осы жазда жұмысын бастады. Шілдеден қыркүйекке дейін «Эфес Қазақстан» компаниясы Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру және кеңейту үшін Белый Медведь «Золотая Серия» өнімінің әр сатылымынан 10 теңгені инвестиция ретінде осы жобаға құяды.

#BMgoGREEN жобасы әрі қарай жалғасады. Компания алдағы уақытта Қазақстанның өрттен зардап шеккен аймақтарына көшет егуді жоспарлап отыр.

Фото: «Эфес Қазақстанның» пиар бөлімі

Айтай кетейік, 2022 жылғы қазан айында компания Most бизнес-инкубатормен серіктес болып, кәсіпкерлік бағдарламасын іске қосты. Сөйтіп, компания айналмалы экономика саласындағы жобаларды дамытатын және көміртек ізін азайтатын жас Greentech стартаптарын қолдады. Нәтижесінде үш жобаға инвестиция құйылды. Олар:

  • Neo Ecology (Алматыдағы су айдынын қалпына келтіру және тазарту жобасы neo-ecology.net);
  • Plastic Hara Hura (қайта өңделген пластмассадан жиһаз, интерьер заттары мен пайдалы бұйымдар шығару);
  • Urgaq.Eco (кофе қалдықтарынан эко-былғары өндіру).

Оған қоса жеті жыл бойы (2013-2019 ж.ж.) «Эфес Қазақстан» компаниясы мен Қазақстанның Зоология институты «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтаңыз» деген жоба аясында бүркітті табиғатта өмір сүруге бейімдеу арқылы олардың санын көбейте алды.

Экологтар мен орнитологтардың айтуынша, бағдарлама басталғанда Алматы облысында құстардың жалпы саны он жұпқа да жетпейтін. Әлеуметтік жоба аяқталғаннан кейін олардың саны 25 жұпқа дейін өсті.