Алматыда жаяу жүргіншілерге қатысты жол апаты көбейген

Алматыда жыл басынан бері жаяу жүргіншілер 13 мыңнан астам жол ережесін бұзған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Биылғы жеті айда қала жолдарында жаяу жүргіншілерге қатысты 961 жол апаты болған, соның салдарынан 663 адам зардап шегіп, 32 адам қаза болды.

Статистика алаңдатады. Жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітімді азайту үшін әрбір азамат өзінің және өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы және жолда мәдениетті болу керек. Қалада жаяу жүргіншілерге қатысты арнайы орындардан өту ережелерін, жаяу адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуға, жолды кесіп өтуге, сонымен қатар басқа да өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Біздің басты міндетіміз – жазалау емес, қайғылы жол апатының алдын алу, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің командирі Орал Ахимов.