Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қайғылы оқиға 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:20-да болған.

Түрксіб ауданында жүргізуші — 1972 жылғы У.есімді азамат, «FOTON» маркалы қоғамдық көлікті Құлжа тас жолы бойымен жүргізіп келе жатқан. Оңға қарай бұрылыс жасамақ болғанда жолдың жүру бөлігі белгіленбеген бағытта кесіп өткен жаяу жүргінші — 1998 жылғы С.есімді азаматшаны қағып кетті, — делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, бірақ реанимацияда қайтыс болған.

Бұл факт ҚР қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, жария етілмейді, — делінген хабарламада.