Басты бетЖаңалықтарМарат Қарабаев...

Марат Қарабаев машина жасау саласындағы үш міндетті атады

Былтыр елімізде құрастырылған 103 мың жаңа автомобиль сатылды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Автомобиль жасау саласына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 150 мың автомобиль сатылды. Оның 103 мың бірлігін отандық компаниялар жасап шығарған болатын. Биыл автомобиль өндірушілеріне қатысты саясатты қайта қарау тұрғысынан маңызды саналады. Бұл секторда біздің алдымызда 3 міндет тұр. Бірінші — шығарылатын автомобильдер қатарын кеңейту. Қазіргі таңда екі автомобиль зауытының құрылысы жүріп жатыр, — деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, екінші — шағын торапты құрастыруды дамыту. Ол үшін автокөлік өндірушілеріне көлік құралдарын оқшаулау және шағын торапты құрастыруға көшу үшін талаптарды күшейту бойынша іс-шаралар қабылданып жатыр. Үшінші — компоненттік базаны құру. Бүгінгі күні доңғалақ дискілерін, аккумуляторларды шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Оларды отандық автомобильдерге орнату үшін омологация процесі өткізіліп жатыр.

Оқшаулау деңгейін тереңдету аясында автомобиль орындықтарын, мультимедиялық жүйені, қаптамаларды, шашыратқыштар мен шиналар сияқты автокомпоненттік базаны дамыту жоспарланып жатыр. Ол үшін тиісті өндіріс орындарының құрылысы басталды, — деді Марат Қарабаев.