Басты бетЖаңалықтарЕлдегі электромобиль...

Елдегі электромобиль саны жеті есе өсті

2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша, Қазақстанда 4,9 миллион көлік бар. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12%-ке көп. Оның 4,3 миллионы жеңіл, 492,7 мыңы жүк көлігі, 100,7 мыңы автобустар. Бұл туралы Energyprom хабарлады.

Қазақстанда 3,6 мың жеңіл көлік электр қуаты арқылы істейді. Оның ішінде 135 автобус, 226 жүк көлігі және 3,2 мың жеңіл көлік бар. Биыл 1 маусымға дейін электр қозғалтқыштары бар жеңіл көліктердің саны бір жылда бірден жеті есе өсті.

Элект қуаты арқылы жүретін жеңіл көлікті көбіне Алматы тұрғындары қолданады: Қазақстандағы 59,9% көлік немесе бір жыл бұрынғы 40 көлік орнына 1,9 мың. Бір жылда олардың саны бірден 48,3 есе өсті. Екінші және үшінші орында Астана мен Алматы облысы тұр: сәйкесінше 325 және 118 электромобиль. Электр қуатымен жүретін автокөліктің ең азы Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелген: сәйкесінше 5, 7 және 8.

Биыл әр облыста кем дегенде бір электр қозғалтқышы бар жолаушылар көлігі болды. Салыстыру үшін: былтыр 1 маусымдағы жағдай бойынша мұндай көліктер сол кездегі 17 облыстың 10-ында ғана тіркелген.