Президент шәкіртақысы мәдениет және өнер университеттері арасында бөлінеді

Мәдениет және спорт министрлігі «2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» бұйрығын дайындады. Құжат Ашық НҚA уеб-сайтына жарияланды.

Барлығы 24 президенттік шәкіртақы мына университеттер арасында бөлінеді:

  • «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне төрт шәкіртақы;
  • «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 12 шәкіртақы;
  • «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне төрт шәкіртақы;
  • «Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына төрт шәкіртақы.