Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы – таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі, — делінген хабарламада.