Сел жүру қаупі жоғары. Алматы ТЖД халықтан тауға шықпауды сұрады

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі бойынша, 2023 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Кейінгі 13 күнде ауа температурасы жоғары болғандықтан, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі жоғары екені байқалады. Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауы бойынша, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы  мүмкін.

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға  мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Сел қаупі бар жерлерде не істеу керек?

— таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;

— қауіп төнсе немесе кенет сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;

— демалуға тоқтамаңыз және сел қаупі жоғары каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз.

Айта кетейік, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар.