Екібастұзда автогаз бекеті өртеніп, бір адам қаза тапты

Екібастұзда өртенген автогаз құю бекетінен 17 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысындағы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Цистерна жанынан жас жігіттің денесі табылды, — деп хабарлады Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.

26 шілде 13.24-те Екібастұдағы Қонаев 5 мекенжайындағы автогаз бекетінде газ құйылған төрт резервуар жанып, өрт шықты.  Оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» деген азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.

Оқиға орнында 20 қызметкер мен жеті техника жұмыс істеп жатыр. Департамент өрт 15.00-де оқшауланғанын, 15.44-те сөндірілгенін хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.