26 шілдедегі доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,5-448,5 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7 — 448,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 — 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктың 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 445,06 теңге. Ресей рублінің орташа бағамы — 4,94 теңге.

Ақша айырбастау орындарында рубль 4,81-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.