25 шілдедегі доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,5-447,5 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5-447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444-447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 445,24 теңге. Ресей рублінің орташа бағамы — 4,93 теңге.

Ақша айырбастау орындарында рубль 4,83-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.