Ақша айырбастау орындарында доллар 443-447 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443-447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5–447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,81 теңге. Ресей рублінің орташа бағамы — 4,92 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 — 4,93 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да