Басты бетЖаңалықтарШымбұлақ тау-шаңғы...

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты селге байланысты уақытша жабылды

Шымбұлақта сел болып, су құбырының істен шығуына байланысты курорт туристер үшін уақытша жабылды. Бұл туралы Шымбұлақтың Instagram–парақшасында хабарланды.

Хабарламада мамандар су қабылдайтын бекетті лай мен тастан тазартып жатқаны жазылған.

21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды. Сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірін қирап, су қабылдағыш істен шықты. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Мамандарымыз су қабылдағыш станцияны лайдан тазартып жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз, — делінген хабарламада.