Елімізде 11 судья қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің бірнеше қаласы мен облысындағы соттың 11 судьясы қызметінен босатылды.

Жарлыққа сай қызметінен кеткендер:

— Отставкаға кетуіне орай Шымкент қаласы сотының судьясы Жамашов Низамиддин Қазыбайұлы;

— Отставкаға кетуіне орай Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қанат Болатұлы Махметов;

— Отставкаға кетуіне орай Жамбыл облыстық сотының судьясы Төлесбай Самат Нүкеұлы.

— Отставкаға кетуіне орай Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Пернекұлова Жанира Айдарбекқызы.

— Басқа жұмысқа ауысуына орай Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының төрағасы Шалабаев Олжас Серікұлы;

— Басқа жұмысқа ауысуына орай Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арлан Ермекбайұлы Қосжанов.

— Отставкаға кетуіне орай Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы.

— Отставкаға кетуіне орай Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Айтжанов Қайыржан Мейірханұлы отставкаға кетуіне байланысты;

— Отставкаға кетуіне орай Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының судьясы Оралбекова Қорлан Қуанышбекқызы.

— Отставкаға кетуіне орай Павлодар қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Нуркиев Асхат Габдрауфович.

Президент жарлығы 17 шілдеден бастап күшіне енді.