Рауан Кенжеханұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жаңа президені анықталды. Дауыс беру нәтижесінде бірлестік президенті болып Рауан Кенжеханұлы сайланды.

Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп жатыр.

Құрылтай барысында ұйымның президенті Берік Әбдіғалиұлы өзінің мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты орнына басқа адамды ұсынатынын айтты.

Осылайша қоғамның президенттігіне Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлының кандидатурасы ұсынылды.

Құрылтайға республиканың әр түкпірінен жиналған делегаттар ашық дауыс берді.