Қарағандыдағы медициналық мекемелердің бірінен қашып кеткен сотталушы ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 18 шілдеде қашып кеткен адамды полиция департаменті мен өңірдің қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел қызметкерлері ұстады.
Сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
