ТЖМ штаты тағы 121 бірлікке ұлғаяды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап төтенше жағдайлар министрлігінің штат саны 121 бірлікке ұлғайтылады.

Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 13 ақпандағы №122 қаулысымен ТЖМ лимиті 1 613 бірлікке ұлғайтылды. Сонымен қатар биыл үкімет ТЖМ штат санын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 121 бірлікке ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бір мезгілде 2025-2026 жылдарға қосымша штат санын бөлу, оның ішінде жаңадан жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру деполарының саны аз өрт сөндіру бөлімдерін нығайту, шұғыл медициналық көмек бригадаларын, селден қорғау топтарын, профессор-оқытушылар құрамын, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік өрт бақылау инспекторларын күшейту туралы мәселе пысықталады, — деді үкімет басшысы жауабында.