Экология министрлігі орман шаруашылығы комитетінің басшысы қызметінен кетті

Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы Нұрлан Қылышбаев қызметінен босатылды.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап, басқа жұмысқа ауысуыма орай, экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын. Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін!, — деп жазды Нұрлан Қылышбаев.