Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.