Алматыда Абай даңғылының бір бөлігін жөндеу жұмысы басталды

Алматыда Абай даңғылының Розыбакиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Абай даңғылының бір бөлігіндегі жөндеу жұмыстары 13 шілде күні сағат 22.00-де басталады. Жұмысты 15 шілде күні таңғы 7.00-ге дейін аяқтау жоспарланған. Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 12 бағыттың қозғалыс схемасына уақытша өзгерістер енгізілді, — делінген хабарламада.