Қазақстанда грант конкурсына өтініш беру басталды

Қазақстанда ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады, — делінген хабарламада.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сонымен қатар ЖОО-да виртуал қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асырылады.