Биыл жастарға 1,5 мың микрокредит берілді

Биыл 5 мыңнан астам грант және жастарға 1,5 мыңнан астам микрокредит берілді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Өз ісін дамыту үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 5 мыңнан астам грант және жастарға 1,5 мыңнан астам микрокредит берілді. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5%-пен жеңілдікті кредит беріліп жатыр, — деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, тұрақты және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа тұру мүмкіндігі, қайта білім алу, бизнесті дамытуға мемлекеттік грант немесе микрокредитті қалай алуға болатыны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.