Астана әкімі бәсекеге қабілетті дамудың үш факторын атады

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бәсекеге қабілетті дамудың басты факторларын атады.

Астана – «Еуразияның жүрегі» деп мақтанышпен айта аламыз. Ғасырлар бойы қазақ жерінде біртұтас ұлт құра отырып, түрлі этностардың өкілдері қиылысқан. Біздің күшіміз – бірлікте. Әлемнің басқа қалаларымен салыстыратын болсақ, Астананы ең жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі. Қалалар адамзаттың болашағы екенін бәріміз түсінеміз. Қалалардың ғаламдық желісі жаңа шындықтың экономикалық және саяси негізіне айналды. Ірі қалалар экономиканың драйвері, — деді Жеңіс Қасымбек елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында.

Сонымен қатар қала басшысы бәсекеге қабілетті дамудың үш факторын атады. Ол – жаһандық экономикаға тартылған сауда секторларының болуы, қаланың таланттарды тарту қабілеті және инновациялардың үздіксіз генерациясын қамтамасыз ететін инновациялық экожүйе.

Трендте болу үшін, жоғары сапалы өмірді қамтамасыз етуіміз керек. Біздің қалада бизнес жүргізетіндерге және қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта технологияны, экономиканы және тәжірибе алмасуды дамыту бұрынғыдан да маңызды. Бүгінгі форум аясында өзекті мәселелер көтерілетініне сенімдімін, Әр қатысушы өзін толғандырған сауалдарға жауап ала алады деген ойдамын, — деді әкім.