Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір статусынан айырылуы мүмкін

Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгеріс енгізіледі.

Бүгін сенаторлар кәсіптік біліктілік туралы заңды мақұлдады. Ал оған ілеспе заңда кәсіптік біліктілік пен білім беру мәселелері кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Мәселен, «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» заңға мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау бойынша бір өзгеріс бар.

Осы уақытқа дейін жоғары қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болған. Бұл – заң нормасы. Ал жаңа өзгеріс бойынша, жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы президент немесе ол тағайындаған адам болады.