Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық; магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1 800-ден астам.

Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы төрт бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауы лшаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді, — деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: