Алматының орталық көшелеріндегі нысандарда электр энергиясы өшіп қалды. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жарық 26 маусым күні сағат 14.20 шамасында сөніп қалды. Қазіргі уақытта оның себебі анықталып жатыр.
Медеу ауданында Бөгенбай батыр, Қалдаяқов, Гоголь, Қонаев көшелерінде электр энергиясы өшіп қалды. Мамандар жұмыс істеп жатыр, себебі анықталады. Екі сағатта жарық берілуі мүмкін, — делінген хабарламада.
Жарықсыз қалған аудандарды мына картадан көруге болады.
