Астанада 80 гектар аумаққа жайылған өрт толықтай сөндірілді

Астанада 80 гектар аумаққа жайылған өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 гектар алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 маусымда Астана маңында құрғақ шөп өтенді.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы өрт болған жерге барды.