Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Белорусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық жағдай, өңірдегі ахуал және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылады, — делінген хабарламада.