Ертең Қазақстанның алты облысында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
25 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Павлодар облысының оңтүстігінде де ертең найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында өрт шығу қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.
