Головкин отандастарын Наурыз мерекесімен құттықтады

«Наурыз құтты болсын! Happy Nauryz to you all!»  — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 19 наурызда GGG кәсіби рингте 12 раундық жекпе-жекте жеңіске жетті. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) барлық белбеулерін қорғап қалды. Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Бұл жеңісінен кейін Геннадий Головкин ендігі кезекте Билли Джо Сондерспен Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екендігін хабарлады.

ДереккөзEgemen.kz