Головкин: Сондерспен жұдырықтасуға дайынмын

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерске (24-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Геннадий Головкин
Көрнекі сурет

Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізген соң, кез келген боксшымен, соның ішінде Сондерспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.

«Барлық белбеулердің иесі атану жолындағы соңғы қарсыласым — Сондерс. Бұл жекпе-жек Қазақстанда өтеді деген үміттемін. Келесі жекпе-жекте Сондерспен жұдырықтасқым келеді деп жүз пайызға сенімді болып айта аламын», — дейді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, 34 жастағы Головкинге  абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27 жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

ДереккөзVesti.kz