Алматыда автотұрақтарға сараланған төлем енгізіледі

Алматыда ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде облыс әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Ерболат Досаев қалада ресми түрде 550 мың автокөлік тіркелгенін айтып өтті. Күн сайын Алматыға қала сыртынан тағы 250 мың көлік келеді.

Былтыр Алматы автотұрағы бізге қайтарылды, 12 мың көлік тұрағы бар. Олардың барлығы тек тарихи орталықта орналасқан. Биыл Алматыда бірыңғай автотұрақ құру тұжырымдамасын аяқтап жатырмыз. Бірақ бұл ретте қаланың барлық сегіз ауданын қамтығалы жатырмыз. Алматыда тұрсаңыз, байқаған боларсыздар, көше бойында үнемі көлік жиналатын орындар бар, бірақ бұл тұрақ емес. Қала оларды заңдастырып, тиісті инфрақұрылымдар жасайды. Сараланған төлем жүйесін енгіземіз: орталықта бұл бүкіл әлемдегідей қымбатырақ, орталықтан алыс жерлерде тариф төмен болады. Сондықтан күзде сараланған тарифтерді енгіземіз. Қыркүйекке дейін бұл жұмысты аяқтаймыз, сосын мәслихатқа енгіземіз, — деді Ерболат Досаев.

Ол ақылы автотұрақтардан түсетін барлық қаражат жергілікті бюджетке түсетінін айтып өтті. Кейіннен барлық қаржы қала аудандарының инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.