Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі

Алматыда автотұрақ ақысы өседі. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Автотұраққа келетін болсақ: биылдан бастап орындарды анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмысты 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек, — деді Ерболат Досаев.

Ол Алматының әр аудандарында көлік тұрағы үшін төлем түрлі болатынын айтып өтті.

Яғни, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ол әлі де ойланатын мәселе. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады, — деді қала әкімі.