2GIS маршрутты қазақша айтатын функция қосты

2GIS бағытты қазақша айтатын функция қосты.

2GIS продюсері және редакторы Роман Жайворонның айтуынша, бағытты қазақша айтатындар — кәсіби алматылық дикторлар Бибігүл Керімова мен Ерланби Даулетияр.

Олар ең келісті интонациялар мен тіпті әдеттегіден «жанды» сөйлеу стиліндегі фразалар нұсқасын ұсынды. Әдеттегідей, біздің навигаторымыздың сөзі әдемі, қысқа да нұсқа, тым кітап тіліндей емес, табиғи қазақ тіліндей болғанын қалаймыз, — деді Роман Жайворон.

Қазақша дауыстық бағыттауды 2GIS мобайл қолданбасында навигатор баптауын басып таңдауға болады.

Қолданба қай тілде тұрғанына қарамастан, бағытты қазақша айтатын дауысты таңдауға болады. Қолданба орыс тілінде тұрса да, дауыстық бағыт үшін қазақ тілін белгілеге мүмкіндік бар.

Биыл сәуір айынан бастап сервисте карталар мен  ұйымдарды қазақша іздеуге болады. Дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдени мекемелерді, көрікті жерлерді және тағы басқа орындарды іздеу үшін де қазақша жазуға болады.