Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл республикалық бюджеттен 1 триллион 374,1 миллиард теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 миллиард теңге.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 299 мың адам зейнеткер бар. 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге, — делінген хабарламада.