Қазақ-қытай шекарасы бір күнге жабылады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын хабарлады.

ҰҚК шекара қызметі Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы келісім бойынша 22 маусымда шекара бекеттері жабық болады.

Оған себеп — Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у). Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да