Мемлекет басшысы Германияның Федералды президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылғы 19 маусым күні Қазақстанға Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.
Сапарда екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.