Германия президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мейманды Астана әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, — делінген хабарламада.

Сапарда екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.