Мемлекет басшысы қыркүйекте Германияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйекте Германияға барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлды.

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады.

Қыркүйекте Германияға сапарыма үміт артамын және өте оптимистік көзқарастамын. Мен сіздің Маңғыстауға бару туралы шешіміңізді де өте жоғары бағалаймын. Бұл біздің бизнестегі, серіктестіктегі жетістіктеріміздің көрсеткіші болады деп ойлаймын. Менің түсінуімше, сіз теңіз портына да бармақшысыз. Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстауға сізбен бірге, серік болып барады. Тағы да Қазақстанға қош келдіңіз. Сонымен қатар делегация мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді, елімізге қош келдіңіз, — деді президент кездесуде.