Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде төртінші турдың матчын өткізді.

Н тобында ойнап жатқан Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз голды ойынға жаңадан қосылған Абат Айымбетов 88-минутта соқты. Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрама тоғыз ұпай жинады. Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін тоғыз ұпай жинап үлгерген Финляндия құрамасымен 7 қыркүйек күні өз алаңында өткізеді.