Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-452 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5–449,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 448,5–452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,19 теңгеге төмендеп, 450,66 теңге болған.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27–5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,28-5,38 теңгеден сатылып жатыр.
