Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні Алматы уақытымен сағат 08.58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде, Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.1
MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 70 километр.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
