Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Air Astana Израильге әуе рейсін ашады

Фото: Рarstoday.com
Air Astana әуе компаниясы Израильге әуе рейсін ашады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсі 7 қыркүйектен бастап ашылады деп жоспарланып отыр.

Airbus 321 ұшағы жаңа бағытқа аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады.

Мақалаға реакция