Доллар 446-451 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446-451 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,5–451 теңге аралығында құбылып тұр.

14 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 1,53 теңгеге қымбаттап, 451,12 теңге болған.

Ұлттық банктің 15 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,16 теңге, Ресей рублі үшін – 5,35 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,25–5,49 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,32-5,42 теңгеден ұсынылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да